Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Доллар 310 теңгеге дейін арзандайды – сарапшы

“Қазкоммерц Секьюритиз” Активтерді басқару департаментінің басшысы Әнуар Байкенов соңғы кездері теңге бағамының халықаралық нарықтағы мұнайдан гөрі, Ресей рубліне қатысты өзгеріске бейім бола түскенін айтады.

– Рубльдің жайы қазір қиын. Ол құнсызданатын болады. Мұны салынатын санкциядан-ақ айтпаса да түсінуге болады.

Осыны естіп алған ақша нарығындағы ойыншылардың, халықтың да дүрбелеңінен доллар қымбаттап жатыр. Жалпы, меніңше, осы айда доллар құны 330-340 теңге аралығында құбыла бермек, – дейді ол.

Ресей санкциясының түк қатысы жоқ

“Открытие брокер” компаниясының сарапшысы Тимур Нығматуллин доллар құнындағы өзгеріске мұнайдың, сол секілді Ресейге салынған санкцияның еш қатысы жоқтығын айтады.

– Жылда осы уақытта ақша айырбасында үлкен өзгеріс болады. Сонда жылда мұнай бағасы тура осы уақытта құбылып, рубль құнсыздана береді дейсіз бе? Жоқ. Керісінше, бұл елдегі жағдаймен тығыз байланысты. Нақ осы уақытта бізде маусымдық төлем балансы азаяды, содан соң бағаны реттеушілер инфляциямен күресу үшін қатаң ақша саясатын қолға ала бастайды. Қымбатшылыққа үкімет емес, яғни доллар өсімі кінәлі дегендей. Басқа түк емес, – дейді ол. Оның пікірінше,

тамызда доллар бағамы 335-340 теңге аралығында болады.

Доллар 310 теңгеге дейін арзандайды

“Финам” компаниясының сарапшысы Богдан Зварич тамызда доллар бағамының 320, тіпті 310 теңгеге дейін арзандайтынын болжайды. Оның пікірінше,

Ресейге салынған санкция секілді сыртқы геосаяси жаңалықтарды қор биржасындағы спекульянттар ұтымды пайдаланып, қысқа уақытта ақша жасап қалмақшы.

Әйтпесе халықаралық қор биржасындағы мұнай бағасы тұрақталып тұр.

Еске сала кетелік, осы апта басында доллар қымбаттап, баға 325-тен 340 теңгеге дейін барды.  Қазір ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 340 теңгеден саудалануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз