Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттен видео жариялады. Әлгі видеодан оның бет-аузы қан-қан екені анық көрініп тұр.
Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын. Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен көрген қорлығын видеомен дәлелдеді.
«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», – деп видео түсірген көрінеді.
Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.