Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Диплом алыңыз. 200 мың теңге!

364

Көлеңкелі бизнестің көсегесі бүгінде ғаламтор арқасында көгеруде.Ақысың төлесең болғаны, кәсіпкерлер кез келген оқу орнының дипломын, көлік құжатын, тіпті мектеп аттестатын да бірнеше күннің ішінде пысықтап береді екен. Жасап отырған жұмыстары алаяқтықтан көрі делдалдыққа жататын сияқты. Себебі тапсырыспен жасалатын құжаттар көшірме емес, түпнұсқа деп сендіруде өздері. Жарнамасы мен мұндалап тұрғандардың бірімен тілдесіп те көрді.

– Диплом керек

– Қай оқу орны, қандай мамандық?

– Қаз ҰПУ, Бейнеграфист

– 200 мың теңге.

– Кепіл бар ма түпнұсқа болатынына?

– Бұл нарықта ұзақ жұмыс істеп, қаражат табу жоспарымызда бар. Ішкен құдығымызға түкірмейміз ғой.

Күмәнді бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер ешкімнен қорықпайтын сияқты. Тіпті тапсырыс берушілердің суреттерін, олардан келген алғыс, тілектердің барлығын мақтана парақшаларына іліп қойған. Алайда заңгер Сергей Уткин бұл заңға өрескел қайшы, қылмыстық іс деп отыр. Оны іске асырып отырған топ не тым ақымақ, не қолдаушыларына сенеді -дейді.

– Бұл қылмыстық бап екені анық. Тапсырыс беруші үшін де, құжат жасап жүрген адамдар үшін де. Бұл құжатты жұмысқа тұру үшін, не болмаса нендей бір өзге мақсаттарға пайдалану да қылмыс,- дейді заңгер Сергей Уткин

Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың өзінде жалған құжат жасаған немесе заңсыз жасалған құжат сатқан дерегімен мың жарымнан астам қылмыстық іс қозғалған. 49 жағдай дәл осы дипломдарға қатысты. Оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке 170-ке жуық адам тартылыпты. Бірақ, нақты осы жағдай туралы ақпарат беруге уәде еткен Ішкі істер министрілігінің өкілі сол күйі жауап бермеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз