Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы өмірден озды

343

Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Мақаш Әбішев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Сара Ахметқызымен қоштасу рәсімі 14 қарашада сағат 11:00-де Алматы қаласы Пушкин көшесі 50-үйде өтеді.

Сара Қонаева Дінмұхаммед Қонаевтың кіші қарындасы болған. Ол 91 жасында дүние салды.

Сара Қонаева 1944 жылы 17 жасында Алматы қаласының орталық телеграфына қызмет етуге барған. Ол сол жердегі жеделхат жолдау бөлімінде жұмыс істеген. 1946 жылы Алматы медициналық институтына түсіп, 1953 жылы тәмамдады.

Артынша Микробиология институтына аспирантураға түскен. Сара Ахметова болашағынан үлкен үміт күттірген. Алайда тұрмыс құрып, екі қызын дүниеге әкелгеннен кейін ғылыми қызметін тастауға мәжбүр болған.

Қонаева 1956 жылдан бері ҚазКСР Совмин емханасының бактериологиялық зертханасында жұмыс істеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз