Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Динара Сәдуақасова ана мен бала құқығын қорғаумен айналысады

ЮНИСЕФ-тің еліміздегі Ұлттық ізгі ниет елшісі деген нені білдіреді? Оның мақсаты қандай? Қандай жұмыстармен айналысады?

Мамандардың айтуынша ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісінің жұмысы – ана мен балалардың құқығын қорғау, олардың тағдырына қоғам назарын аударуға негізделеді екен.

Мұндай жауапты міндеттің Динара Сәдуақасоваға берілуі тегін емес. Ұйым өкілдерінің пікірінше, шахматтан дүниежүзінің 4 дүркін үздігі атанған жерлесіміздің бойында үлкен гуманистік қасиеті бар.

«Динара міне бірнеше жыл бойына халықаралық ұйымның негізгі құндылықтары мен миссияларына адалдығын дәлелдеп келеді. Қайырымдылықпен айналысуда. Қаншама ана мен балаға көмектесті, қол созды», – дейді ұйым өкілдері.

Естеріңізге сала кетелік, қараша айының басында Динара әлемдегі ең мықты шахматшылар тізімінде 23-ші орынға көтерілген болатын.

Осылайша Қазақстан мен күллі Орта Азиядағы әйелдер шахматы тарихында ең жоғары рейтинг иесі атанған еді.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі атануына қатысты Динара Сәдуақасова былай деді:

«Осынау ұйымның арқасында мен көмекке зәру, қайырымдылыққа мұхтаж ана мен балалар туралы, сұмдық қылмыстың куәгеріне айналған не болмаса абайсызда сол қылмысты өзі жасаған жеткіншектер жайлы, отбасында азаптауға, зорлық-зомбылыққа ұшыраған бүлдіршіндер жөнінде көп жайға қанықтым. Алдағы уақытта олардың құқығын қорғау және қолдауға өз үлесімді қосуға тырысатын боламын. Маған сенім артқаны және осыншалықты жауапты міндет жүктегені үшін ЮНИСЕФ өкілдеріне алғыс айтамын. Менің ендігі мақсатым өзіме сеніп тапсырылған міндетті ойдағыдай орындау».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз