Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Динара Сәтжан, төсіңді жап! Кітап оқымаған “Қазақстан аруларын” кім қорғап жүр?

189

Содан соң, Әнуар осы байқаудың жартылай финалына өткен Елназ атты аруға сұрақ қойды. Әлгі қыз “Қан мен терді” оқығанын айтты. Бірақ, авторын білмейді екен. Әбдіжәміл ағаны Әнуардың атымен шатастырып алды…

“Қыздар, сендер сондай жасандысыңдар. Беттерің опа-далап, қастарың жасанды, еріндеріңе дейін дүрдитіп алғансыңдар. Қыздар-ау сән емес, білім қууыңдар. Елге сендерді силикон еріндерің мен қолдан жасалған қастарың керек емес”, – дейді Әнуар. 

Рас айтты. Міне, сол кітап оқымаған қыздарды журналист Динара Сәтжан қорғап жүр екен. 

“16-17 жасыңыз есіңізде ме? – дейді ол. – Осы жаста қандай кітап оқығаныңызды айтып бере алар ма едіңіз? Сосын, бұл сұлулық байқауы. Қыздар кітапханада жүрген жоқ. Бұл байқау олардың ой-санасын, білім деңгейін анықтауға арналмаған”. 

Ал керек болса?! Сәтжанның сөзін қараңыз. Абайды, Мұхтарды оқымаған қыз “Қазақстан аруы” атануға лайықты ма, қалай ойлайсыз? Ол ертең Қазақстанды әлемге қалай және қай бетімен таныстырады? Айтпақшы, осы арулардың арасында біреуі “Гарри Поттерді” оқығам деп мақтаныпты. Күлкіміз келді. Есі дұрыс адам бұл шығармадан не алады, не табады?  “Гарри Поттерді” Абайдан артық қойған түрі ме, әлде?

Ұят. Әлгі Әнуардың айтқаны рас. Жасанды ерін, жасанды қас, жасанды бөксе, жасанды күлкі…бәрі де жасанды. 

Оны қойшы. Жалпы, мұндай байқауларға кәмелетке толмаған қыздарды қатыстырудың қандай қажеті бар? Ол әлі бала  емес пе? Оған сұқтанудың өзі күнә ғой…

Оны да қойшы. Тоқал қайдан шығады? Міне, осындайлардан. Кітап оқымағандардан. Көкірек көзі ашылмағандардан. Жоқ, рас.  Білсек, “Қазақстан аруы” атанған қыздардың біразы елдегі қалталы, беделді, атышулы адамдардың тоқалы екен. Бұл байқау солар үшін ұйымдастырылатын сияқты. Бұл байқау “тоқал таңдайтын орынға айналған” дейді білетіндер. Айналып келгенде, барлығы байлар үшін. Олар Абай мен Мұхтарды қайтсін…

 

 

 

Атышулы Жамалиевтің тоқалы

Атышулы Төлешовтің тоқалы

 

https://www.youtube.com/watch?v=LgD58fruaXA

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз