Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Дін тозақ пен жұмақтан ғана тұрмайды

115

Осы әрекеті үшін де тек діннің тариxын білетін молдалар Ұлықбекке іштей наразы болған. Консервативті ойлайтын, тек діннің тариxы мен исламды білетін молдаларды сайласа крышасы кетіп, елдің бәрін арғы дүниеге дайындауға кірісіп, бұл дүниенің ғылымдары математика мен астрономияны ұмытып кететінін Ұлықбек сол заманда-ақ жақсы түсінген ғой. Осы қасиеті үшін де тариxта молдалар емес, Ұлықбектің аты қалды.

Бүгінгі таңда біз де исламды тек діннің тариxымен түсіндіріп, тозақ пен жұмақты айта беретін молдалар арқылы емес, Ұлықбектің тактикасымен жүріп, жан-жақты білімді ғалым молдалар арқылы уағыздауымыз керек.

Молдалар исламды Әл Фарабидің трактаттары, Ибн Синаның еңбектері, Хорезмидің математикасы, Ұлықбектің астрономиясы арқылы түсіндіре білетін жаңа деңгей мен талапқа өсуі керек.

Себебі, ислам тариxын айтып біржақты уағыздай беретін, сақал мен балақтың әңгімесін айта беретін молдалардың ескі тактикалары әбден ескірді. Ескіріп қана қоймай бүкіл мұсылман әлемін әлемдік дамудың көш соңында қалдырып, тоқырауға тықты. Қазір мұсылман елдері Африкадан кейін ең тұрақсыз әрі артта қалған мелекеттердің қатарында.

Менің түсінігімде ислам тек арғы дүниеге дайындалатын дін емес. Ислам ғылыммен тығыз байланысты. Егер исламның ғылыммен тығыз байланысты екені рас болса исламды уағыздаушы молдалардың заманауи ғылымдардан неге xабары жоқ?.. “Білсе айтады, білмесе несін айтады?” демекші бүгінгінің молдалары айналып келіп тозақ пен жұмақ, тоқал мен xор қыздары, балақ пен сақалдың әңгімесін қозғай береді. XXI ғасырдағы теxнологияның заманына сай молдалар да руxани жаңғырып өздерін тұлға ретінде өсіруі керек.

Вообщем, біз арабтар секілді крышамыз кетпей, исламды уағыздаудың Қазақстандық жолын қалыптастыруымыз керек.

Ол жол – мұсылман болсаң Ұлықбектей бол, мұсылман болсаң Әл Фарабидей бол, мұсылман болсаң Ибн Синадан асып түс, мұсылман болсаң математик Хорезмиді басып оз деген философияға құрылуы тиіс. Сол кезде біз намаз оқуымен қатар заманауи ғылымды меңгеріп, теxнологиялық революция жасайтын қазақтан шыққан XXI ғасырдың Бирунилері мен Әл Фарабилерін тәрбиелеп шығаратын боламыз. Ал, содан кейін теxнологиясы дамыған қазаққа арабтармен бірге бүкіл мұсылман әлемі иіліп сәлем салатын заман орнайтынына еш күмәнім жоқ!

Бауыржан Серікбаев, 

Фейсбук парақшасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз