Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Димаштың сүйікті кітабы – “Абай жолы” романы Қытайда хит болды

267

Әзірге оның кім екені белгісіз.

Жақын арада оны әлеуметтік желілер арқылы хабарлайтын боламыз,- дейді Алпамыс Шаримов.

Оның пікірінше, Димашты Қытай емес, Димаш Қытайды әлемге танытып жатыр.

 

Димашты Қытайдың 90 пайызы таниды

– Қазірдің өзінде «Хунан» телеарнасында қазақша білетін алты аудармашы бар. Бізді қазақ аудармашысымен қарсы алады. Сондықтан Димаш қытай жұртына қазақ тілін де, қазақтың болмысын да жан-жақты танытып жатыр деп нық сеніммен айта аламын. «Хунан» телеарнасы – Хунан провинциясынан тарағанымен, бүкіл Қытайды жүз пайыз қамтитын ауқымды телеарна. Ал I am a singer – бұл арнадағы ең рейтингі жоғары жобалардың бірі.

Осы жоба Димашты Қытай еліне танытса, өз кезегінде Димаш та аталған байқауды шетелдерге танытты деуге болады. Себебі, ол ағылшын, орыс, француз, итальян тілдерінде әндер шырқады.

Аталған тілдерде ән тыңдайтындардың қарасын есептей беріңіз. Байқаудың танымал болуына қосылған бұл да бір үлкен үлес. Қытайда бүгін Димаш пен Қазақстан қазір егіз ұғымға айналды. Мен мұны өз көзіммен күн сайын көріп жүрмін. Қазақ­станнан екенімді айтсам, жұрт сендерде Димаш деген әнші бар ғой дейді. Димашты қазір Қытайдың тоқсан пайызы біледі десем, өтірік болмас.

Брендке айналған Димаштың ақ шапанын Айман Мұсаходжаева тіктіртіп беріпті

– Фанаттар Димаш сахнаға киіп шыққан киімді кигісі, оның қолындағы заттарды ұстағысы келеді. Димаш «Дайдидауды» айт­қандағы киімі де ерекше танымал болды. Ол өте сәтті об­разға айналды.

Киімді Айман Мұсаходжаеваның ықпалымен Қазақ ұлттық өнер академиясы тігіншілері тігіп берген еді.

Жа­қында Қытайда Димаштың бейнесімен компьютерлік ойындар шыға бастайды. Онда да Димаш көрермендерімен «Дайди­дауды» салған бейнесімен жүздеседі.

Қазір Қытайда қазақтың домбырасына ғана емес, барлық ұлттық аспаптарына деген айрықша қызығушылық байқалады.

Жанкүйерлер оларды зерттеп, қытай тіліне аударып, жариялап жатыр. Еуропадан да журналистер арнайы хабарласып, сұрастырғандар болды.

Қытай фанаттары „Абай жолы„ романын жаппай оқып жатыр

– Димаш қазір көптеген брендтермен жұмыс жасауда. Шанхайда Димаш қатысқан Swiss пен Ferrari компаниялары ұйымдастырған шараны тікелей эфирден 54 миллионнан аса адам тамашалапты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл олардың тарихындағы рекордтық көрсеткіш екен. Осы шара барысында Ди­машқа «Сүйікті кітабың қандай?» деген сұрақ қойылды. Димаш «Абай жолы» туралы айтып берді.

Содан кейін «Абай жолының» қытай тіліндегі нұсқасының сатылымы да күрт артты. Жанкүйерлер «Димаш оқыған кітапты біз де оқуымыз керек» деп жазып жатыр.

Иә, шетелде фанат мәдениеті деген бар. Оның қағидаттарын жанкүйерлер қатаң ұстанады. Мәселен, өзі сүйген әншісінің киген киімін киіп, ол ішкен асқа тапсырыс беріп, оқыған кітабын оқып, соның өмірін өзіне үлгі етеді.

Алла қаласа, Димаштың әлемдік турнесі Астанадан басталмақ

– Алдағы жоспарымыздың бәрін жария ете алмаймыз. Дегенмен, қазірдің өзінде Димашқа Еуропа, Америка, Азия елдерінің үлкен сахналарында ән салу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Шет мемлекеттердің алып сахналарында Димаштың өнер көрсетуі алдағы уақыттың еншісінде деп айтар едім.

Алла қаласа, Димаштың әлемдік турнесі Астана қаласынан басталмақ. 27 маусым күні «Астана Аренада» концерт өтеді деп жоспарлануда.

Оған дейін Димаштың ән альбомы жарыққа шығады. Байқаумен қатар, қазір сол кешке де қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл кештің құрметті қонағы болуға әйгілі әнші Лара Фабиан да келісім бергенінен қалың жұртшылық хабардар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз