Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Димаштың құдіреті бар”. Сүйікті әншісі үшін мұхит асып келген америкалық осылай деді (видео)

Лос-Анжелестен Патрис Груллион Қазақстанда үш ай болмақшы екен. Осы уақыт аралығында ол қазақ тілін үйреніп, еліміздің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуды жоспарлап отыр.

Димаштың жанкүйері әншінің оқитын университетінде болып та үлгеріпті. Енді Алматыдағы оның концерті мен сүйікті әншісінің туып-өскен жерін көру үшін Ақтөбе қаласына аттанбақ.

Патрис бұған дейін ешбір жанкүйерлер клубына мүше болып көрмегендігін айтты. Ол алғаш рет «Димаш USA» және Лос-Анжелестегі «Димаш Құдайберген» фан-клубтарының мүшесі болған.

«Мен қазақстандықтардың Димаштың әлемге қалай әсер еткенін түсінгенін қалаймын. Ол әртүрлі мәдениеттер мен елдерді, әртүрлі жастағы және түрлі деңгейдегі адамдарды байланыстырды. Біз барлығымыз туысқандар сияқты араласып кеттік», – дейді Патрис.

https://www.youtube.com/watch?v=TZqXNPhynBs

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз