ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың Қазақстанға әсері туралы айтты.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Димаш Құдайберген өнер көрсетсін десек, оған өте жақсы дайындық керек. Өйткені ол әлемдік деңгейдегі әнші, жақында Канн фестиваліне қатысты.
Біздің мақсатымыз – өзге жас таланттарға жол ашу, жалғыз Димаш емес, таланттар көп екенін көрсету”, – деді министр үкімет отырысынан кейінгі дәліздегі сұқбатта.
Оның айтуынша, шетелдік продюсерлер қазір Қазақстанға баса назар аударған.
“Шыны керек, бұл Димаштың арқасы. Қазір шетелдік продюсерлер қазақстандық таланттарды шетінен әкетіп жатыр. Олар Димаш шыққан жерден басқа таланттар да шығады деп ойлайды. Онысы дұрыс та…
https://kaz.365info.kz/elbasy-dimash-khydajbergenge-arnajy-shakirtakhy-tagajyndady-252180
Қазір танымал мәскеулік композиторлар қазақстандық әншілерге ән жазып жүр. Jah Khalib Қазақстаннан тыс жұмыс істеп жүр дегендей…”, – дейді министр.
https://kaz.365info.kz/ony-motsart-dejmiz-sheteldik-anshiler-myna-khazakhkha-zhappaj-an-zhazdyrtyp-zhatyr-269974