Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Димаш Құдайбергеннің жеке парақшасына жазылушылар саны 1,5 миллионға жуықтады (фото)

«Вибо» – қытайлықтардың ең көп қолданатын әлеуметтік желісі. Әнші желідегі заңды парақшасын 9 қаңтар күні ашқан болатын. Сонымен бірге «Вибо» желісінде Димашқа жанкүйерлік ететін топтар да құрылған. Солардың бірі «Димаштың әлемдік жанкүйерлері» деп аталатын топқа 14 095 адам қосылған.

Айта кетейік, кеше жарияланған Ресейдің танымал әншісі Витастың әніне иелік етуші «Пудовкин» продюсерлік орталығының Хунан телеарнасына жазған шағымынан кейін, қытайлық желі пайдаланушылар пікірі екіге жарылды. Олардың бір бөлігі Димашқа қолдау білдірсе, енді бір бөлігі Витасқа жанкүйерлік еткен.

Еске салайық, Димаш жобаның бірінші кезеңінде француздардың орындалуы қиын әйгілі «SOS d’un terrien en détresse» әнін шырқап көрермендерді тәнті етті. Алғашқы эфирден кейін оның Sina Weibo әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жеткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз