Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Димаш Құдайберген қытайлықтарға «Дударай» әнін орындап берді

122

«Мен міндетті түрде концерт өткіземін. Ал қазір менің шабытым келіп тұр, ән айтып бергім келеді. Қазақтың халық әні «Дударай»,-деді

Димаш Құдайберген

ол журналистердің жеке концерт өткізіп, қазақ әндерін орындауға қатысты қойған сауалына жауап беріп тұрып.

«Сырттан келген кіші бауыр» деп атайды екен Димашты қытайда, ол «Дударай» әнін орындап, жиналғандарды «Юаньсяо» шамдар фестивальінің басталуымен құттықтады.
Айта кетейік, сенбі күні «Юаньсяо» фестивалінің басталуына орай Hunan.TV телеарнасы арқылы өткен мерекелік концертте Димаш «Ой жайлау» әнін орындаған болатын. Концерттен соң Хунань телеарнасының эфиріне «Singer» байқауының 4-ші кезеңінің таспасы көрсетілді.
Онда Димаш осы байқауда алғаш рет әнін қытай тілінде орындаған болатын және ол жүлделі 3-ші орынға ие болды.
«Singer» байқауының 5-ші кезеңі Хунань телеарнасынан 18 ақпан күні көрсетіледі.

Алайда, қазірдің өзінде Димаштың «Uptown Funk» әнімен 5-ші орынды жеңіп алып ән байқауының келесі кезеңіне өткендігі белгілі болып отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=nxZmsRpxyIQ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз