Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Димаш Құдайберген Қытай қалаларын аралап кетті

Димаш ақтық сында Қытайдың танымал әншісі Лауре Шангпен бірге поп музыка патшасы Майкл Джексонның әндерінен әдемі өрілген попурри орындады. Ерекше шоу, дауыстар үндестігі мен Димаштың орындауындағы сезімге толы шумақтар оны басқа әншілерден өзгешелеп-ақ тұрды. Күллі көрермен демін ішіне тартып, ұлымызға тілекші болып отырды. Нәтижесінде кәсіби музыканттардан құралған көрермендер залының уәжі мынандай. Димаш Санди Лэмнен 4,27 ұпай қалыс қалды.

Десе де Димаш дара феномен. Небәрі 22 жасында Қытайдың кәсіби шыңдалған артистерімен иық теңестіріп өнер көрсетіп, байқаудың соңына дейін жетуінің өзі үлкен жеңіс. Ал қытайлық баспасөз Димаш Қытай эстрадасы мен мәдениетін өз еліне ішкерілей таныстыруға дәнекер болды, екі ел арасындағы көпірді жалғады деп жазып жатыр.

-Димаш алдағы уақытта Қытайда жиі өнер көрсетеді, әрі үйренгені мен көрген-білгендерін Қазақстан халқына жеткізеді. Әншінің болашағы жарқын боларына сенеміз.

“Менің әлі айтарым бар!” дейді ол жеке парақшасында. Ән жарыстан кейін аз ғана уақыт өтсе де, Димаш қажыдым деп қол қусырып отырған жоқ. Бүгін ол Қытай қалаларында концерт беруін бастап кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз