18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
21
USD
386.04
-0.01
EUR
427.77
-0.48
RUB
5.88
+0.04

Димаш Құдайберген Алла Пугачеваға арналған концертке қатысады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 8 сәуірде Crocus City Hall (Мәскеу) залында Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде өнер көрсетеді.

Фото ©Никита Басов

Бұл туралы Димаш Құдайберген өз парақшасында хабарлады:

«Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше. Крокус сити холл. 08.04.2019 в 19:30».

Пугачеваның мерейтойына арналған «Подарок для Аллы» концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді.  Концертте Димаш Құдайбергеннен бөлек, Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев және басқа да ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеште Алла Пугачева мен Максим Галкин жүргізуші болады.

Айта кетейік, 15 сәуірде Алла Пугачева 70-ке толады.