Димаш Құдайбергенді бұрын неге байқамадық? Әншілікке келгені кеше емес еді-ау. Ол неге бұрын Қазақстанда танымал бола алмады?
Шынында, қазір көптің аузында жүрген Димаш Құдайберген бұрын неге елімізде дәл қазіргідей танымал болмады?
Білесіз бе, осы біз не үшін Қайрат пен Мейрамбекті жақсы көреміз?
Себебі —
олардың дауысында ауылдан қалаға көшкен, әлеуметтік жағдайы төмен қазақтың зары бар! Базарда тәшкі сүйреп, квартираға төлейтін ақша түгілі, күнделікті тамағын әрең табатын қазақтың назы бар…
Ал Димаштың тембрінде ондай әдемілік аз.
Содан болар, кезінде ер жігіттің шыңғырып ән айтқанын ерсі көрген Ринат Зайытов та “Саз әлемі” бағдарламасында Димаш Құдайбергенге “шыңғырып айту өнер емес”, деп баға берген.
https://youtu.be/Wd_wEov5b0s
Тек шетел сахналарын мойындатып, халықаралық ән жарыстарында топ жарып, еліміздің еңсесін көтергеннен кейін ғана Димаш Құдайберген халық ықыласына бөлене бастады.
Медет Олжаев