Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Димаш бұрқыратып жатыр. Ән әлемінің адмиралы голливудтық фильмнен бір-ақ шықты (видео)

Бұл туралы Қытайдағы дистрибьюторлық компания Weibo әлеуметтік парақшасында хабарлап, картинаның 10 секундтық трейлері мен фото-афишасын жүктеді деп хабарлады ҚазАқпарат.

Weibo-дағы ақпараттарға қарағанда, фильмді жарнамалау мақсатында арнайы түсірілген клипте Димаш «Go Go Power Rangers» әнін орындады.

«Power Rangers» – американың Lions Gate Entertainment және Қытайдың TIK Films компаниялары бірлесіп түсірген супербатырлар жанрындағы кино. 24 наурыз күні Америкада және Тайванда таныстырылымы өтті. Қытайда прокатқа сәуір айының басында шығады деп күтілуде.

https://kaz.365info.kz/dimash-khazakh-tilin-trendke-ajnaldyryp-zhatyr-sheteldikter-khazakhsha-an-ajta-bastady-video-255556

Еске сала кетейік, Қытайда ерекше танымалдылыққа қол жеткізген қазақстандық жас талант Димаш Құдайберген кеше Шаңхай қаласында өткен 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша марапатталған болатын.

https://kaz.365info.kz/olar-seni-khyzganyp-zhyr-bolat-atabaev-dimashkha-sakh-boludy-eskertti-253359

Қытай байқауында өнер көрсеткен Димашқа жанкүйерлері түрлі теңеу беріп жатыр. Оның ішінде сахнаның патшасы, ән әлемінің адмиралы, ақ ханзада, періште, Тәңірдің сыйы деген атауларды кезіктіруге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз