Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Сенімен біргеміз!”. Димаш ауырып тұрса да сахнаға шыққан кезеңнің видеосы жарияланды

Айта кетейік, ол осы турдың қарсаңында ауырып қалып, жанкүйерлері уайымдаған еді. Instagram желісінде Димаш Құдайбергеновтің фан-парақшалары әншінің I Am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде сахнаға тамағы ауырып шыққанын және әнін қарлығыңқы дауыспен орындағанын жазған болатын. Өз кезегінде Димаш Құдайбергеннің PR-директоры Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растаған еді.

“Бірақ көпшілік жазып жатқандай даусын жоғалтып алған жоқ. Ол суық тиіп, қатты ауырып қалды. Климаттың ауысуы әсер етті. Жазылды деп айта алмаймын. Емделіп жатырмыз”, – деген еді ол Димаш Құдайбергеннің сегізінші кезеңде сахнаға шығып, ән айтқанына таңғалғанын жеткізді.

“Достар, Димаш 8-ші турда 5-орын алды. Даусын жоғалтып алғанын және тамағы ауырғанын есепке алсақ, бұл өте жақсы көрсеткіш. Ол осы жағдайына қарамастан сахнаға шыққан нағыз әнші! Тіпті ән айтудан бас тартса да, мен керісінше, оған қолдау білдірер едім! Оған екі рет екпе салды. Сахнада ауырып тұрғаны байқалды. Біз тамағымыз ауырса, ән айту былай тұрсын, сөйлей де алмай қаламыз. Ал ол нағыз батыр! Бастысы жүлде емес, денсаулығы!”, – деп жазған болатын Dears өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз