Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Димаш қатты ауырып тұрса да екі рет екпе салдыртып, сахнаға шықты

Instagram желісінде Димаш Құдайбергеннің фан-парақшалары әншінің I Am a Singer байқауының VIII кезеңінде сахнаға тамағы ауырып шыққанын және әнін қарлығыңқы дауыспен орындағанын жазған. Салдарынан ол V-орынды қанағат тұтқан.

“Достар, Димаш VIII турда V-орын алды. Даусын жоғалтып алғанын және тамағы ауырғанын есепке алсақ, бұл өте жақсы көрсеткіш. Ол осы жағдайына қарамастан сахнаға шыққан нағыз әнші! Тіпті ән айтудан бас тартса да, мен керісінше, оған қолдау білдірер едім!

Оған екі рет екпе салды. Сахнада ауырып тұрғаны байқалды.

Біз тамағымыз ауырса, ән айту былай тұрсын, сөйлей де алмай қаламыз. Ал ол нағыз батыр! Бастысы жүлде емес, денсаулығы!”, – деп жазған Dears өкілдері. Соған қарағанда, байқаудың VIII кезеңінің түсірілімдері бүгін өткен.

Әлеуметтік желіні қолданушылар әншіге мықты денсаулық тілеп жатыр. Өз кезегінде Димаш Құдайбергеннің PR-директоры Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растап отыр.

“Бірақ көпшілік жазып жатқандай даусын жоғалтып алған жоқ. Ол суық тиіп, қатты ауырып қалды.

Климаттың ауысуы әсер етті. Жазылды деп айта алмаймын. Емделіп жатырмыз”, – деген ол Димаш Құдайбергеннің VIII кезеңде сахнаға шығып, ән айтқанына таңғалғанын жеткізді.

“Мен оның ән айтып шыққанына таң қалдым. V-орын деген негізі жақсы нәтиже. Бұл конкурста І-ден бастап VІІІ-орынға дейін беріледі. Олимпиада ойындарындағыдай үш орын емес”, – деп хабарлады әншінің өкілі.

Айта кетейік, алдағы сенбіде Hunan TV арнасында Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауының VІІ-кезеңдегі өнері көрсетіледі. Бұл кезеңде ол “Дайдидау” әнін Қазақ ұлттық өнер университеті ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды.

Әншінің өкілі Алпамыс Шаримов алдағы кезеңге әзірлеп отырған бір тосынсыйдың барын айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз