Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ділназ Ахмәдиева: “Менің құрсағымды жайына қалдырыңыздар”

Әнші ашықтан ашық оның жеке өмірі мен проблемаларына қатысты сұрақ қоюдан қымсынбайтын жандарды мәдениетсіз адам санатына жатқызды. Әдетте Ахмадиева ондайларға жауап қайтарып, бас қатырмайтын. Бұл жолы әнші желі оқырмандарының шектен шығып бара жатқанына шыдамаса керек-ті.

«Сіздер менің балаларға қатысты қандай қиыншылықтарға тап болғанымды қайдан білесіздер? «Тезірек бала ту» дегендеріңізді қалай түсінемін? Иә, әзірге дүниеге сәби әкеліп үлгермедім. Мүмкін оған денсаулығым мүмкіндік бермейтін шығар, оны сіздер білмейсіздер ғой. Мен өзім қалаған кезде, егер Жаратқан маған сәби сыйлауды нәсіп етсе, ол күн міндетті түрде келеді. Уақыты келгенде ол туралы бәріңізге айтып беремін. Ал әзірге, менің құрсағымды жайына қалдырыңыздар!» – деді ашынған әнші НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

image-1-0-257827

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз