Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Девальвация деген осы. Дүкенде тауар толып тұр, алатын адам жоқ!

ҚР Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлағандай,

дағдарыс жұмыс істейтіндер саны 50 мың адамнан астам ірі кәсіпорындар сегментіне қатты соққы берді

Мұнда бөлшек сауданың нақты көлемі 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қатысты бар-жоғы 87,4 пайызды құраған.

Бұған қарағанда, жеке саудагерлердің жағдайы көш ілгері. Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудасының көлемі (оның ішінде, базарда сауда жасайтындардың) өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда, 31, пайызға төмендеген. Айтқандай, жалпы көлемдегі жеке саудагерлердің үлесі 45,7 пайызды құрайды.

pitaites-deshevle-bez-utraty-polzy3

ҚР саудасының жалпы көлемінде жеке саудагерлердің үлесі 45,7 пайызды құрайды.

Атап айтарлығы, 2016 жылғы қаңтар-ақпанда республиканың бөлшек саудасындағы неғұрлым үлкен үлес Алматы (30,4%), Астана (11,3%) қалалары мен Қарағанды облысына (9,3%) тиесілі.

roznichnaya-torgovlya

Онсыз да көңілісіз статистиканы жалғасып жатқан инфляция ушықтыруда. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, яғни

ресми статистика бойынша, 2016 жылғы ақпандағы тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 102,5 пайызды құраған

Азық-түлік тауаралының бағасы 2,7 пайызға өскен, азық-түлікке жатпайтындары – 1,8 пайызға, халыққа ақылы қызмет – 2,8 пайызға артқан. 2016 жылғы ақпанда өнеркәсіп өніміне өндіруші-кәсіпорындарың бағалары 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,1 пайызға төмендеген.

Сыртқы сауданың көлеміне келетін болсақ, оны екі ауыз сөзбен сипаттауға болады: «толық құлдырау». 2016 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы саудасының көлемі 4319,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда 42,3 пайызға азайған, оның ішінде, экспорт – 2752,8 млн. АҚШ долларына ( 42,6 пайыз аз меньше), импорт 1566,7 млн. АҚШ долларына (41,6 пайыз аз).

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз