Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Девальвация қаупі сейілді, жыл соңында 1 АҚШ доллары 310-320 теңге болады – сарапшы

Аталған есепте Әнуар Байкенов Ұлттық банктің теңгені нығайту үшін жасайтын ықпалдарын болжап көруге тырысқан.

Оның пікірінше, халықаралық нарықта мұнай бағасы шалт өсіп жатқанда, теңге де күрт нығаюы керек. Бірақ бұл процесс бізде баяу жүргізіліп жатыр. Оның себебін сарапшы былайша пайымдайды:

– Жыл басында 1 АҚШ долларының құны 390 теңге болды. Одан бері ол 15 пайызға ғана төмендеген. Ал одан бері мұнайдың бір баррелі 27 доллардан 52 долларға өсті, яғни 93 пайызға.

Осы жағынан алғанда, біздегі валюталар бағамын реттеу мұнай бағасына байланған деп нақты айтуға болмайды.

Қалай дегенмен де Ұлттық банк қазір валюталық қорын толықтыру үшін ойын ойнап отырғанын айтқан сарапшы теңге алда қымбаттап, доллардың арзандай беретінін болжайды.

– Ұлттық банк қазіргі ұстанымын өзгерту керек екенін түсінеді. Сондықтан ақша нарығы таяу болашақта жаңа тетіктермен қамтылуы мүмкін. Өйткені әлем дағдарыстың тереңіне жетті, енді дамуға бет бұрады.

Демек, девальвация қауіп-қатері сейілді. Мұндайда Ұлттық банк дағдарысқа байланысты енгізген қатаң шараларды ақырындап ала бастауы мүмкін, – дейді.

Сарапшы жыл соңына дейін америкалық валютаның құны 310-320 теңге болуы ықтимал деп болжайды.

Алдында америкалық миллиардер Джордж Соростың өз акцияларын алтынға айырбап жатқанын мәлімдегенбіз. Осыған байланысты отандық қаржыгер-маман Ілияс Исаев та доллардың арзандайтындығын болжаған. Сондай-ақ сарапшы инвесторлардың алтынды таңдауы халықаралық экономикада орын алатын бірнеше өзгерістен хабар береді деп болжаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз