Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Депутат Instagram-жұлдыздарының парақшаларын бұғаттау керек дейді

211
Светлана Романовская

Светланы Романовскаяның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желі жұлдыздарының арасында жосықсыз жарнама жариялайтын жағдайлар көбейіп кетті. Ол көптеген әртістер, әншілер, вайнерлер миллионнан артық оқырмандары бола отырып, өз аккаунттарында жариялаған жарнаманы тексеріп жатпайды. Нәтижесінде синтетикалық есірткі мен қаржы пирамидасын жарнамалаған болып шығады.

«Бұл олардың жауапкершілігінің жоқ екенін дәлелдейді. Адамдарды жаңылыстырмай нені жарнамалап жатқаныңды алдымен тексеріп алу керек. Олар өздеріне тиесілі ақшаны ғана ойлап, оқырмандарының жағдайына пысқырмайды да. Ешқандай қатысымыз жоқ, бізді де басқалар секілді алдап кетті деп ақталудың қажеті жоқ. Олар осы үшін ақша алды.  Маған адамдар сенеді ғой деп, жарнама жасайтын тауарыңды алдымен тексеру керек. Менің ойымша,  ақшаға бола адамдарды мазақ қылмас үшін алданған оқырмандары көп аккаунттарды бұғаттау қажет», — дейді Светлана Романовская.

«Гарант 24» және «Estate Ломбард» жарнамасы үшін блогерлер мен әншілерді жазалауы мүмкін. Светлана Романовскаяның айтуынша, Желіде жарнама орналастыру талаптарын күшейту керек.

Меруерт Түсіпбаева «Гарант 24 Ломбардын» жарнамалаған әншілер жауапқа тартылсын дейді

«Менің ойымша, әлеуметтік желілерде ақша алып жасалатын  жарнамаларды заңдастыру бойынша Парламентке жүгіну керек. Мысалы, теледидар мен радиодағы жарнаманы көргенде, оларды берген заңды компаниялар екенін және белгілі бір көлемде салық төлейтінін түсінеміз. Ал интернетте жарнама жасаған адамдарды ешкім де тексермейді. Ал  бұқаралық ақпарат көзі ретінде тіркелмеген Instagram-жұлдыздарын қалай тексереміз, — деп ол сөзін толықтырды.

Сондай-ақ Светлана Романовская тұтынушыларға үндеу жасады. Ол жеңіл пайда туралы кез келген күдікті ақпаратты мұқият тексеруге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз