Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Денсаулық сақтау министрлігі менингитке байланысты ойларын айтты

Ал аурудың өршуіне ауа-райы себеп болған екен. Күннің біресе жылынып, біресе суытуы қауіпті таяқшалардың күрт тарауына әкелген. Осылайша, көктемді айыптаған министрлік дәрігерге дер кезінде көрінуге кеңес берді.

Естеріңізге салсақ, осы ауыр сырқаттан Алматыда 3 адам көз жұмды. Оның біреуі бала. Тағы 18 адам ауруханада қатаң бақылауда жатыр. Қауіпті дертті жұқтырғандардың төртеуі Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары.

“Қорқатың дәнеңе жоқ. Жағдай қалыпты. Менингит белгілері әр үш жыл сайын шығып тұрады. 2014 жылы 66 адам ауырған. Сондықтан, қазір дабыра қылудың қажеті жоқ. Егер ыстығыңыз көтеріліп, басының айналған болса, бірден дәрігерге көрініңіз. Ең бастысы, аурудың алдын алу”,-деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз