Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Денсаулық министрлігі атыраулық мүгедек қызға моральдық өтемақы төлейтін болды

188

Атырау қалалық сотында ҚР Денсаулық сақтау әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті үстінен шағымданған М.Бугембаеваның азаматтық ісі қаралды.

Медициналық сараптамаларға сәйкес, талап қоюшының 2001 жылы туған қызы А.С. сәби кезінен мүгедек болып танылып, оған ай сайын әлеуметтік төлемдер төленіп жүрген. Бірақ 2013 жылы кезекті медициналық сараптамадан кейін А.С.-ның мүгедектігі жойылып, ол әлеуметтік төлемдерден айырылған. Алайда 2016 жылдың 29 ақпанында А.С. қайтадан жастайынан мүгедек деп танылған.

Талап қоюшы арызында 3 жыл бойы мүгедектік пен әлеуметтік төлемдерді негізсіз тоқтатылғанына шағымданым, қаражат жеткіліксіздігінен қызын емдетуге мүмкіндік болмағандығын айтты. Сотпен талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығып, әлеуметтік қорғау органдардың әрекеттері заңсыз деп танылды және талап қоюшының пайдасына моральдық залал өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз