Атышулы іс бойынша үш күдікті де тағы он бес күн қамауда ұсталады.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
“Сот күдіктілердің бірі Жанар Толыбаеваны қамауда тағы 15 тәулік, яғни 7 қарашаға дейін және қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергеновті 4 қарашаға дейін қамауда ұстауды. Сондай-ақ күдікті Нұралы Қиясов та тағы 15 тәулік, яғни жарты ай қамауда болады”, деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы.