Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Әне, ана жерде…”. Денис Тенді кімнің пышақтағаны белгілі болды (фото)

244

Көзбе-көз беттестірген кезде Нұрәлі Қиясов Денис Тенді пышақтағанын мойындады”

– деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Нұрәлі Қиясов

https://kaz.365info.kz/mojyndatyp-otyr-kydiktinin-ata-anasy-denistin-tugandaryna-video-zholdady-video-324758

Осы қылмыстық іс аясында сот сараптамалары тағайындалды, олардың ішінде молекулярлық-генетикалық, сот-сараптама, медициналық-криминалистикалық, биологиялық және тағы басқа сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, куәгерлер анықталды. Тергеу барысында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, күдіктілерге олардың қандай құқықтары бар екені және олардың жауап беруден бас тарта алатыны жайлы, сонымен қатар, өздеріне қарсы жауап беруден бас тартып, лизенциясы бар адвокаттарды талап ете алатыны түсіндірілді.

https://kaz.365info.kz/tyk-bolmagandaj-denis-tendi-oltirgen-kydiktilerdin-videosy-pajda-boldy-video-324573

“Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер Қиясов пен Құдайбергенов осы қылмысты жасағандарын мойындап, заттай дәлелдерін көрсетті”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Картинки по запросу нурали киясов

Арман Құдайбергенов

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.

Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

https://kaz.365info.kz/olar-da-zhazalansyn-bekbolat-tileuhanov-denis-tennin-olimine-bajlanysty-ministrge-zhygindi-324755

Бұдан бұрын 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар деп ұсталған екі күдіктінің бірі Нұралы Қиясовтың ата-анасы халықтан кешірім сұраған.

Көз жасына ерік берген күдіктінің ата-анасы балаларына жала жабылғанын айтады.

«Менің баламның кінәсі жоқ деп ойлаймын. Жаңағы видеода да екі жігіт өтіп бара жатыр. Түрлері де анық емес. Кешірім сұраймыз», — деген Нұралы Қиясовтың әкесі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз