Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Денис Тен спортшылардың қатысуымен айырықша шоу әзірлеуде

«Мұзды шоуда жаңа қойылымдар, айрықша декорация, әдемі костюмдер, қайталанбас контент және басқа да көптеген тосынсыйлар болады, сондықтан

бұрынғы шоулардан үлкен айырмашылығы бар. Және де Астананың 20 жылдығына орай арнайы ұлттық бағдарлама әзірледік.

Одан бөлек біз Димаш Құдайбергенмен бірігіп бағдарлама әзірлеп жатырмыз, сондықтан «Денис Тен және оның достары» Қазақстандағы қайталанбас

мұзды шоу деуге болады», – деп атап өтті Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тен.

 

«Денис Тен және оның достары» шоуы алғаш рет 2014 жылы болып, мәнерлеп сырғанау спортының жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырған.

Биылғы шоуды тамашалауға спортшылардан бөлек, Қытай, Жапония, Корея және Еуропа елдерінен 100-ден аса шетелдік турист келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, аталған шоу ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен 9 маусымда «Барыс Арена» мұз айдынында сағат 18:00-де басталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз