Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Денеме қарамайсыз ба?..”. Қайрат Түнтеков көрінбей кеткенде не істегенін айтты

134

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Осы 2 жылдың ішінде әншілер көбейіп кетті. Шеттен бақылап отырамын ғой. Айта алатыны да, айта алмайтыны да бар араларында. Енді ренжімесін, осы сөзімнен кейін мені жек көріп кететіндері де бар шығар”, – деп мәлімдеді Түнтеков.

Алайда әнші өнер әлеміндегі жағымды жаңалықтардың да баршылық екенін атап өтті.

“Бізде той-бизнес қалған. Той қазақтың қазынасы дейді ғой. Сондықтан ол өзгере қоймайды-ау. Соның арқасында көп жаңадан шығып жатқан әншілер ақша тауып, отбасын асырап жатыр. Ал шоуға келетін болсақ, меніңше бұл қуантарлық жаңалық. Өйткені шоу-бизнестің көтеріліп, өзгеріп жатқанына қуанамын. Музыкалық бағыттың өзгеріп жатқанына қуанамын”, – дейді Қайрат.

Әнші сахнаға қайта оралғандықтан, ендігі көздеген мақсатының ауқымды екенін атап өтті.

“Қатты есейдім, баяғы жас 17 жасар Қайрат емеспін. 4 жыл сахнада болмағандықтан, халықтың сағынышын басу деген миссиямен оралып отырмын”, – деп түсіндірді ол.

Қайрат төрт жыл бойы спортқа ден қойып, кәсіби түрде футболмен айналысқанын тілге тиек етті. Спортпен тұрақты түрде айналысқан әнші тіпті, жеке футбол командасын құрып алған көрінеді.

“Бизнес жайлы ойладым. Мүмкін айналысып көрермін деп. Түк шықпады сөздің ашығы. Көбіне спортпен айналысып жүрдім. Өзімнің “Барыс” атты футбол командам бар. Достарым, інілерім бар. Үлкен-үлкен сайыстарға қатысамыз”, – дейді Қайрат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз