Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.
Орталық Азия бойынша Жерорта теңізінің шығысынан циклондар жылжиды, осыған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ болады.
Сондай-ақ республиканың батысында атмосфералық фронттардың ықпалынан қар жауады, тұман және көктайғақ болады. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа аумақтарына қарағанда температура төмендейді.