Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

209

Синоптиктердің болжауынша, ауқымды және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұрады.
Еске сала кететіні, ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10…18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20…28°С градус белгіленді, ол климаттық нормадан 8…15°С градус төмен.

Алайда Батыс Сібірдің және Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжыйтын атлантикалық циклондардың әсерінен, Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа массасы келіп жетеді. Соның салдарынан демалыс күндері температура жоғарылайды деп болжанады.

«Сондай-ақ, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы секундына 15…20 метр шамасында болады.

Еліміздің оңтүстігінде әзірше қар жаумайды, бірақ температураның жоғарылауы күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар жаууы ықтимал», – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз