Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың көптеген аймағы антициклонның ықпалында болады. Бірақ дүйсенбіде Ресейдің еуропалық бөлігінен жауын-шашынды ауа ағындарының жылжуына байланысты солтүстік облыстарда қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады.
Батыс облыстарда, керісінше, демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауып, дүйсенбі жауын-шашынсыз болады. 17-наурызда Қостанай облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, қар бұрқасындатады.