«Казгидромет» РМК Қазақстанда 31 наурыздан 2 сәуірге дейін болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің ақпаратына қарағанда, демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына Каспийдің оңтүстігінде пайда болатын циклонның ықпалы басым болады.
Циклонға байланысты оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18-25 метрге дейін жетеді.
Қазақстанның батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан антициклон жылжып келеді. Соған байланысты ауа температурасы көтеріліп, күн жауын-шашынсыз болады.