Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
13
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Демалыс күндері арзандаған доллар қайтадан 2 теңгеге нығайды

30-мамырға белгілеген ҚР Ұлттық банктің 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы ресми бағамы – 335, 48 теңге.

Ақша айырбас орындары 1 АҚШ долларының бағамын сенбі және жексенбі күндері 330 теңгеге дейін түсіріп жіберді. Ал бүгін, бейсенбіде ақша айырбас орындарының көбісі бағамды  2-4 теңгеге қайтадан көтерді.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ долларын 332-334 теңгеге сатып алса, оны 335-336 теңгеге сатып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің 30-мамырға бекіткен шетел валюталарының ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 335,48 теңге, 1 евро – 374,83, РР – 5,08, 1 фунт стерлинг – 491,88, жапон йені – 3,06, 1 қытай юаны – 51,14, 1 қырғыз сомы – 4,91, 100 өзбек сомы – 11,31 тенге.

Шетел валюталарының бұл ресми бағамы өткен жұмада, яғни 27 мамырда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық операцияларының қорытындысы негізінде бекітілгенін айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз