Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлегені үшін Ресейге алғыс білдірді.
— ДДҰ Ресей Федерациясының коронавирусқа қарсы вакцинаны, атап айтқанда «Спутник V» әзірлеудегі күш-жігерін жоғары бағалайды», — деді ол. — Министрге қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны әзірлеудегі кезең-кезеңмен жасалған қадамдар үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді.
Оның айтуынша, министрмен кездесуде вакцинацияның жалпы мәселелері талқыланды.
— Ресей жаһандық ынтымақтастық танытып, өңірлік директор ретінде маған Орталық Азия елдеріне қолдау көрсетуге көмектесті, — деп толықтырды Клюге.
Ол сондай-ақ Ресей үкіметі Денсаулық сақтау қызметкерлері мен халықтың ең осал топтарына қолдау көрсету мәселелеріне көп көңіл бөлгенін атап өтті.