Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-16
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Дәурен Абаев жұртты шулатқан “Қалаулым” бағдарламасын тексеруге уәде берді

111

Сонымен қатар «Тарихи Ата жұрт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Үзбен Құрманбайұлының бірлесіп іс-шара өткізу бастамасына қолдау көрсетті. Мұнан бөлек, Дәурен Әскербекұлы бейнебайланыс арқылы Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының өтініштерін тыңдады.

Мәселен, Шымкенттен байланысқа шыққан блогер, заңгер Айгүл Орынбек ұрпақ тәрбиесіне нұқсан келтіретін Еуразия телеарнасындағы «Қалаулым» бағдарламасын жабу мәселесін қозғады.

«Қалаулым» бағдарламасы бойынша әлеуметтік желіде де жазған болатынбыз. Бұл бағдарламаға қатысты зерттеу де жүргізіп көрдім. Түркия елінен екен. Түркияның вице-премьері бұл бағдарламаға қарсы болып, жабылған. Яғни, жастардың бейәдеп сөздері, төбелесі бағдарламада белең алып кеткеннен кейін ұлттық мәдениетімізге қарсы деп жапқан. Енді, өзге елде қаңсық дүние бізге таңсық болуда. Жастарымыздың бұзылуына түрткі болып отырған бұл бағдарлама неге бізде көрсетіледі?», – деді Айгүл Орынбек.

«Біз телеарналарға осыны көрсетіңдер не көрсетпеңдер деп, редакция саясатына араласа алмаймыз. Содан кейін, сіз арнайы шағым жасасаңыз, тексеруге міндеттіміз. Біз оны тексереміз, қараймыз. Айтқаныңыз дұрыс. Бұқаралық ақпарат құралдары, бірінші кезекте, еліміздің азаматтарының санасын жаңғыртып, тәрбиелеуі керек. Сондықтан бағдарламаның редакторларымен сөйлесуге дайынбыз», – деді Дәурен Абаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз