Қазақстанның ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев қазақ халқының батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» әдеби флешмобына қатысты, деп жазады Stan.kz.
«Ата-бабамыздан бері бізге мирас болып келе жатқан батырлар жыры ұлтымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын әспеттейді.
Батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық жобасын қолдау мақсатында Ерлан Қарин мырза маған эстафета жолдап, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқуға шақырған болатын.
Бұл эстафетаны қазақ тілін керемет меңгерген, парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мырзаға жолдаймын»,- деді министр.
Қазақ тілін дәріптеп, ұлттық әдебиетті насихаттаған министрдің батырлар жырынан оқыған үзіндісін естіген оқырмандар оны мақтан тұтып, үлгі тұтты.
Ата-бабамыздан бері бізге мирас болып келе жатқан батырлар жыры ұлтымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын әспеттейді. Батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық жобасын қолдау мақсатында Ерлан Қарин мырза маған эстафета жолдап, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқуға шақырған болатын. Бұл эстафетаны қазақ тілін керемет меңгерген, Парламент Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских мырзаға жолдаймын. #қазақ_эпос#тұлпар_мініп_ту_алған#тұлпармініптуалған
Gepostet von Даурен Абаев am Freitag, 26. Oktober 2018