Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Дәрігерлер қазақстандық Әли Әміровке аяқ салып бермек

Ол Әлидің аяғына протез қоюуды Ыстанбұлдағы «Ортопорт» түрік компаниясының өз мойындарына алғандарын жеткізді.

«Біз алғашқыда Германиядағы клиникамен байланыстық. Олар 52 мың еуро болатынын айтты. Кейін бізге Түркиядағы «Ортопорт» компаниясынан ұсыныс түсті. Олар Әлиге протезді 33 мың долларға жасап беруге келісті. Бізге жеңілдік жасағандары үшін алғысымыз шексіз», – деді Ақмарал.

Ол ірі компаниялар мен қайырымдылық қорлары бас тартқандарын айтты. Алайда, Әлиге қол ұшын беруге дайын қайырымды жандар Қазақстаннан табылған.

«Бұл соманың басым бөлігін «Асыл Бала» қоры аударды. Астана әкімі 4 мың доллар бөлді. Менің Әлиім 1 қыркүйекте мектепке өз аяғымен барып, қатарластарымен бірге мектеп формасын киетін болады», – деді Ақмарал.

Сондай-ақ, ол бұл іске блогер Әлия Садырбаеваның көмектескенін айтты. Бұдан бұрын, Әли Әміровтің анасы мен оның отбасы баласы үшін қиын жолмен жүргенін айтып берген еді. Әли дүниеге келгенде оның туыстары Ақмаралдың ұлынан бас тартуын сұраған да екен. Бала өскеннен кейін оны көптеген мектептер қабылдағылары келмеген.

Соңында ол дарынды балаларға арналған «Нұрорда» мектебіне қабылданып, қазір сонда білім алуда. Еске сала кетейік, аяқсыз туылған астаналық оқушы Әли Тұрғанбеков белгілі оратор Ник Вуйчичпен кездескендігі туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз