Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Дәрігер үй жағдайында коронавирустан емделгенде қандай дәрілерді қолдануға болмайтынын айтты

1177
Дереккөзі: ogastrite.ru

Мұндай пациенттер емдік-қорғау режимімен, ақуыз мөлшері жоғары теңдестірілген тамақтанумен емделуі тиіс. Олар көп мөлшерде су, С және D витаминдерін ішіп, температура жоғарылаған кезде парацетамол және ибупрофен сияқты ыстықты төмендететін препараттарды қабылдауы керек.

С витаминінің үлкен мөлшерін ішкенде бүйрек аурулары, атап айтқанда, несеп-тас ауруы асқынуы мүмкін екенін есте сақтау қажет.

Дене температурасы 38 градустан жоғары болса және интоксикацияның айқын белгілері: бұлшықет ауруы, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, кеуде қуысындағы ауырсыну байқалса, дәрігерге көрініп, пневмонияның дамуын болдырмау керек. Ол үшін кеуде қуысы органдарын рентгенологиялық тексеру немесе компьютерлік томография жүргізіледі.

Вирусқа қарсы препараттарды, жүйелік кортикостероидтарды (гормондарды) және антикоагулянттарды бақылаусыз қабылдау өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндіруі мүмкін.

Мұндай терапия қатаң бақылауда және стационарларда жүргізілуі тиіс.

ББҚ мен витаминдерді қолданғанда олардың бір-бірімен әрекеттесуі туралы да ескеру керек, себебі олар да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз