COVID-19-ның жеңіл түрі де адамның миында өзгерістер тудырады.
— COVID-19-бен тіпті жеңіл түрде ауырған әр науқаста ми, ми құрылымдары жағынан өзгерістер болады, —деді дәрігер.
Оның айтуынша, бұны иіс пен дәмнің жоғалуы сияқты белгілер растайды. Олар орталық жүйке жүйесінің зақымданатынын көрсетеді.
Сондай-ақ, соңғы айларда дәрігерлер мен ғалымдар вирустың себебінен болған инсульт жағдайларын, сондай-ақ басқа неврологиялық көріністерді сипаттады, деп түсіндірді Намазова-Баранова.
Бұған дейін неврология профессоры, доктор Игорь Коральник бастаған Солтүстік-Батыс университетінің (АҚШ) зерттеушілері Northwestern Medicine медициналық орталығына жатқызылған COVID-19 жұқтырған пациенттерге ретроспективті талдау жүргізді. Іріктеуге қатысушылардың жартысына жуығында бас ауруы, бас айналу, қырағылықтың төмендеуі, шоғырлану қиындықтары, құрысулар, бұлшықет ауруы, сондай-ақ иіс пен дәмнің бұзылуы секілді неврологиялық белгілер анықталды.
Дәрігердің айтуынша, COVID-19 неврологиялық дисфункцияны тудыруы мүмкін көптеген себептер бар. Бұл ауру бірнеше ағзаға (өкпе, бүйрек, жүрек) әсер ете алатындықтан, ми да оксигенацияның жетіспеушілігінен немесе ишемиялық немесе геморрагиялық инсультқа әкелуі мүмкін қан ұюының бұзылуынан зардап шегуі мүмкін.