Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Дәрігер құлаққапты 1 сағаттан артық пайдалануға болмайтынын ескертті

144

Ұстаздың айтуынша, ұялы телефонға жиі үңіліп, көзіміздің көруін нашарлатамыз, ал құлаққапты үнемі тыңдап, құлақтың есту қабілетін бұзамыз.

«Музыка тыңдаған дұрыс-ақ,бірақ құлаққаппен емес, радиодан, магнитафоннан тыңдаса да болады ғой. Жастарымыз осыны ескерсе екен. Құлаққап бізге ыңғайлы, жақсы болып көрінгенмен, уақыт өте келе оның қандай ауруларға шалдықтыратынын ескере бермейміз. Бар қателігіміз осында.

Адам құлаққапты пайдаланғанда біртіндеп кереңдік ауруына тап болады.

Одан бөлек өзіне артық радиотолқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Бұл ағзада әртүрлі аурулар туғызады.

Зерттеу барысында құлаққапты ұзақ уақыт, мәселен 3 сағаттан артық тыңдағанда адамның бас миының тамырлары тарылып, оттегі жеткіліксіздігінен бас ауру пайда болатындығы анықталды. Бұны мен дәрігер маман ретінде ескертемін.

Сонымен қатар ашушаңдық, үрейлену, яғни стресс дамиды.

Ең қауіптісі – құлаққаптың құрамында магнитті дыбыс тарататын құрылғы орналасқандықтан бұл құрылғының электр энергиясын көп қажет ететіндігі бар.Көпшілік құлаққап пайдаланушылардың телефон қуаты тез сөніп қалатыны да осы себептен. Құлаққаптың бірден әсер ететін мүшесі – құлақ.

Ең бірінші көрінетін, белгі беретін ауру – кереңдік. Адам құлағы естімегендіктен көп ақпараттарды дұрыс қабылдай алмайды.Уақыт өте келе, жасы 45-тен асқаннан кейін естуі тіпті қиынға соғуы мүмкін», – дейді Айгүл Шакетқызы.

Құлаққап арқылы әртүрлі микроағзалар құлаққа таралуы мүмкін екен. Айгүл Шакетованың сөзінше, бұл отит, паротитті инфекцияны туғызады. Осының алдын алу үшін құлаққапты тыңдар алдында 70 пайыздық спиртпен өңдеп, тазартып отырған жөн.

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша, қазіргі кезде ең көп микроағзалар болатын заттар – ұялы телефон, құлаққап, ақша.Сондықтан құлаққапты пайдалануды бірте-бірте қысқарту керек.

Күніне 1 сағаттан артық тыңдауға болмайды.

Осы уақыттың ішінде де адам радиотолқынды қабылдайтындығын ұмытпау керек”, – дейді семейлік дәрігер-маман.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз