Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Дәрігер баланың COVID-19 немесе қарапайым тұмаумен ауырғанын қалай ажыратуға болатынын түсіндірді

154
Сурет: NIAID

Мысалы, эпидемиолог ата-аналар баланың мұрнынан су ағып тұрса алаңдамауы керек деп сендірді, деп хабарлайды Sputnik. Зерттеулерге сәйкес, балалар арасында  COVID-19-дың жиі кездесетін  белгілері: шаршау, бас ауруы және қызуының көтерілуі.

Ал коронавирус жұқтырған ересек адамдардың көбінесе дене қызуы көтеріліп, қатты шаршағанын сезеді, иіс сезу қабілеті жоғалады. Байқағандарыңыздай, екі жағдайда да мұрынан су ағу белгісі жоқ.

Сонымен қатар, зерттеулерге сәйкес, COVID-19 инфекциясы расталған әрбір алтыншы баланың денесінде ерекше бөртпе шығатыны белгілі болды.

Ата-аналар қарапайым белгілерді байқағанда үрейленбеуі керек. Бірақ балаларының жалпs жағдайын үнемі бақылап отырған жөн. Профессордың айтуынша, жоғарыда аталған белгілер тұмау кезіндегідей әрдайым бірден пайда болмауы мүмкін.

Эпидемиолог COVID-19 жұқтырғандардың арасында тіпті асимптоматикалық пациенттер де бар, олар  вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін  екенін еске салды.

Маман егер өзіңіздің немесе балаңыздың бойында  COVID-19 растайтын симптом болса, басқалардан оқшауланып, дәрігерді үйге шақырған дұрыс және қандай жағдай болсын  өзін-өзі емдеуге болмайды деп кеңес берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз