Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

“Дәріге отырғызған…”. Кәрімовтың қызы Ташкенттің түбіндегі түрмеде жатқаны белгілі болды

Өзбекстанның Бас Прокуратурасы бұған ешқандай кедергінің жоқ екенін мәлімдеген. Адвокаттың айтуынша, қазіргі сәтте «Ташкент қаласынан шамамен үш сағаттық жердегі абақтыда» жатқан Гүлнәр Кәрімоваға қатысты соттық істер билік басына Шафкат Мирзияев келгеннен бері біршама жеңілдеген.

https://kaz.365info.kz/al-kerek-bolsa-g-ln-r-karimovany-jine-tintu-zhasa-an-sheneunik-keden-komitetini-tizginin-stady-242346

Манжа Каримованы «оның ісіндегі шикіліктер» шаршатқанын әрі алғашқы екі жарым жылы өте ауыр өткенін, сондықтан да қазіргі уақытта денсаулығы нашарлап, дәрілік препараттар қабылдап жатқан Гүлнәрға тек президент Мирзияев қана көмектесе алатынын айтқан.

Еске салайық, 2017 жылдың шілде айында Өзбекстанның Бас Прокуратурасы Кәрімованың қылмыстық ісі туралы толық мәлімет жариялаған еді. Осы мәлімдемелерге қарағанда, 2015 жылы Кәрімова бопсалау, мемлекеттік қаржыны орынсыз жұмсау, салықтан жалтару сияқты көптеген айыптаулармен бес жылға бас бостандығыан айырылған еді.

https://kaz.365info.kz/ash-ynda-y-zbek-oppozitsioneri-ajt-anym-ajdaj-keldi-k-rimov-ta-ynda-ldi-223239

Тағы да ресми мәлімдемелерге сәйкес, оған қарсы өзгелердің мүліктерін иемдену, кеден заңын, сауда қағидаларын бұзу, шетелдік валюталарды жасыру, кірістерді заңдастыру және жалған құжат әзірлеу сынды көптеген іс қозғалған. Ал, швейцариялық адвокатының кеше жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Каримова бұл айыптаулардың ешқайсысымен келіспейді.

https://kaz.365info.kz/kim-ajtyp-zhyr-ony-elbasy-khazakhstannyn-kharyzy-kop-degenderge-zhauap-berdi-video-319177

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз