Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Оның айтуынша, мұғалімдер мен дәрігерлер адами капиталды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ал халықтың бұл санатының баспана жағдайы қазір қалыс қалып отырған жайы бар.

“Дәрігер мен медбике, мұғалім мен мұғалімнің материалдық тұрғыдағы жағдайы бірдей емес. Отбасы бар мұғалімдер бар, олар, мәселен, бағдарламаға қатыса алады. Мұндай мүмкіндігі жоқ мұғалімдер де бар ғой. Олардың бірлесе баспана алуға болатын отбасы жоқ, тіпті кейбірінің мойнында туған-туысқандары отыр. Оларға қалай көмектесуге болады? Біз оларды мемлекеттік және азаматтық қызметке ұмтылып, өз біліктілігін арттыруға ынталандыруымыз қажет. Сондықтан олар үшін әскери қызметшілер секілді жеке бағдарлама әзірлеуді ұсынамын”, — деді Назарбаева.

“Қазір баспана мәселесі өте өзекті. Жыл сайын тұрғын үй көлемін арттырып жатырмыз, бірақ халық саны да өсіп жатыр. Сондықтан алдағы жүз жылда баспанаға мұқтаж халықтың бәрін қамтамасыз ете алмаймыз деп қорқамын”, — деген алаңдаушылығын білдірді сенатор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз