Қазақстан парламенті сенатындағы халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Оңтүстік Қазақстан облысындағы ҚР ҰҚК шекара қызметі 2020 әскери бөліміне барды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Жалпы мен біздің әскерилермен мақтанамын, олар қиын тұрмысқа қарамастан ауыр қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Осы кәсіпті таңдаған жандарға үлкен құрметпен қарау керекпіз, оларға денсаулық тілейміз. Жақында Қазақстан қарулы күштерінің 25 жылдығы, сондықтан журналистерді әскерилерге назар аударуды сұраймын. Олар бізге бейбітшілік сыйлап отыр. Қоғам әскери адамдарға құрметпен қарау керек”
– деді ол.
Сондай-ақ, сенаторлар “Жас ұлан” республикалық әскери мектебіне де барды. Олар жас отан қорғаушылармен кездесіп, мектепке компьютер сыныбы мен медициналық жабдықтар тарту етті.