Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Мың жасағыр!». Дархан Мыңбай да латын әліпбиін бір мақтап қойды

Оның сөзіне қарағанда, қазақ тілін басқа ұлт өкілдері тезірек меңгеруі үшін әліпби барынша әмбебап болуы тиіс.

«Соңғы ұсынылған жоба басқа тілдерде сөйлейтін адамдарға біздің тілді жылдамырақ үйренуді ынталандыратын нұсқа болып тұр. Атап айтқанда, Елбасының алдында талқыланған осы жоба барлық тараптарды қанағаттандырады деп пайымдаймын. Қазіргі заманның талабын ескере отырып, кеше ұсынылған нұсқа оңтайлы болып отыр», – деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 9 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдады.

Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз