Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Дархан Қалетаев Дін істері министрі боп тағайындалды

298

Мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды. Бұл министрлікті бұған дейін басқарған Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.

Дархан Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1996-1997 жылы ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарды.

2007- 2008 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 2008-2009 жылдары “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары және ҚР президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры лауазымында болды. 2016 жылдың қазанында сенат депутаты болып тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз