Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Данияр Ақышев зейнетақы қорындағы қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты

Осы орайда Ұлттық банк төрағасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты барынша қорғалатынына сендірді.

“Бұл жерде айта кететін бір жайт, жабық негізде банктерге зейнетақы қорының ақшасы бөлінген тәжірибені қалпына келтірейін деп отырған жоқпыз. Біз нарық шарттарымен, нарық ставкаларымен инвестициялауды көздеп отырмыз. Банктердің құнды қағаздарын бес жылға дейін сатып аламыз, бірақ зейнетақы қаржысын қорғау үшін бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының 50 пайыздан артық емес мөлшеріндегі қаражат инвестицияланатын болады. Яғни, банк БЖЗҚ ақшасына келмес бұрын, нарықтан қаражат тарта алатынын дәлелдеуі тиіс. Бұл банктің эмитент қаупін тек БЖЗҚ көтермеуі үшін жасалып отыр”, — деді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы зейнетақы қаржысын алатын банктердің тізімі әлі бекітілмегенін айтты.

“Банктердің көрсеткіштеріне қараймыз, сосын қоғам талқысына ұсынамыз. Әркім қандай банктің және неліктен осы қаржы институтының құнды қағаздары зейнетақы қорының ақшасына сатып алынатынын біліп, таныса алады”, — деді ол БАҚ өкілдеріне.

Дерек көз:Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз