Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Дайындалыңдар!». Ресей мен АҚШ соғысқалы жатыр – сарапшы

409

Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де Ресейге Сирияға бағытталған зымырандарды атып құлатуға дайындала беруге болады, деп жазды. Оның айтуынша, Ресейге мықтап дайындалған жөн, өйткені зымырандар жаңа, жақсы және «ақылды» екен.

«Ахуалдың шегіне жеткені соншалық, ол тіпті, Вьетнамдағы соғыс жылдары мен Кариб дағдарысы кезіндегіден өткір болып тұр. Ол кезде жағдай екіұшты, жасырын болатын, ал қазір ашық қорқытуға көшті. Бұл текетірес – Ресей мен АҚШ арасындағы тікелей қақтығыс, – дейді Гарбузов.

https://kaz.365info.kz/saskhan-yjrek-putin-endi-khazakhstanga-shabuyl-zhasauy-mymkin-sayasattanushy-310737

Айтуынша, мұның арты орны толмас өкінішке әкеп соғатынын ешкім түсініп отырған жоқ.

Жағдай ушығып барады

«Шынымен, мұның арты Ресей мен АҚШ арасындағы тікелей қақтығыспен аяқтала ма? Олай бола қоймас, деп сенгің келеді.
Тіпті, сириялықтар ресейлік қондырғылармен американдық зымырандарды атып құлататын болса, мұның өзі шиленістің шектен шыққанын білдіреді», — дейді сарапшы.

Гарбузовтың болжауынша, Сириядағы ахуал осы мемлекеттің болашағы үшін күрестің шешуші кезеңіне аяқ басты.

Оның пікіріне құлақ ассақ,

қазір болашақта Сирия кімнің ықпалында болатыны үшін күрестің шешуші кезеңі басталды

«Ресей президентінің Башар Асадты қолдайтыны айдан анық, ал АҚШ бұған жол бермеуге барын салмақ. Ахуал барған сайын ушығып барады.

Атап айтарлығы,

ешкім тұйықтан шығудың немесе қандай да бір мәмілеге келудің жолдарын қарастырып отырған жоқ»,

— дейді сөзін жалғастырған Гарбузов.

Бұдан бұрын Батыс Дамаскіні Шығыс Гутедегі Дума қаласына «химиялық шабуыл жасады», деп айыптаған болатын. Мәскеу «сириялық әскерилер хлор қосылған бомба тастады-мыс», деген бұл ақпаратты жоққа шығарды.

https://kaz.365info.kz/j-resej-m-sylmandar-seni-keshirmejdi-lukashenko-atty-ketti-video-243360

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Сирия әскерінің улағыш заттарды қолданғаны туралы жалған ақпарат таратудың түпкі мақсаты —

лаңкестерді қорғап, сырттан орын алуы мүмкін шабуылды ақтау,

деп мәлімдеді.

Осы орайда, РФ Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов сонау 13-наурызда ресейлік әскерилердің қолына содырлардың Шығыс Гутеде  химиялық қаруды пайдалануды сахналайтын арандату әрекеттерін дайындап жатқандығы туралы расталған ақпарат бар екендігін мәлімдеген-ді. Ол

«одан кейін, бұл арандатуды АҚШ Дамаскінің әскерлері шоғырланған аудандарына шабуыл жасау үшін пайдаланатыны» туралы ақпарат бар екенін айтқан еді.

https://kaz.365info.kz/akhsh-pen-soltystik-koreya-sogyssa-khazakhstanga-khiyn-bolady-sayasattanushy-281805

Өйткені,  сириялық биліктің химиялық қаруды пайдалану мүмкіндігін жоққа шығаруына қарамастан, Трамп аталмыш елде химиялық қаруды пайдалану мүмкіндігіне жауап ретінде шабуыл жасау туралы шешім қабылдауы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз