Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
9
USD
426
-0.41
EUR
493
-1.42
RUB
5.97
-0.01

“Дайын болыңыздар”. Девальвацияның ауылы алыс емес екен

Девальвацияның тақау қалғанын Ауыл шаруашылығы және Экономикалық даму министрі айтып қалды. Бір білсе, солар біледі ғой. Бұлардың болжамына қарағанда Ресейдің ұлттық валютасын экспортты қолдау және бюджеттен түсетін түсімді қамтамасыз ету үшін 10 пайызға құлдырату қажет.  

Бәрін қойшы. Бұған Қазақстанның қатысы қанша? 

Біз Ресейдің көшірмесі сияқтымыз. Шикізатқа тәуелдіміз. Демек, түйткілдеріміз де тиісінше оларды шешу жолы да ұқсас. 

Девальвация алдымен Ресейде басталады. Шамалыдан кейін Қазақстанда қайталанады. Құлдырау Қазақстанға жетпей тұра қазақтар Ресейге ағылады. Ол жақтан теледидар мен темір тұлпар тасиды. 

1998 жылы сөйткен. 2009 жылы солай болды. 2015 жылы қайталанды.

Суға кеткен тал қармайды. Талдың тамыры әлсіз. Рубль де солай. Ол құрдымға кетсе, теңге қоса батады. 

Биылғы жылғы сәуір айындағы дерек: Ресейдің рубльді ұстап тұруға жұмсаған қаржысы наурызбен салыстырғанда 12 есеге өскен. Бұл белгі. Дауылдың хабары… 

№2 себеп: Мұнай 

Билік мұны жасыра алмайды. “Теңге мұнайға тәуелді емес” дейді олар. Бәрібір де байланыс бар. “Қара алтын” қымбаттаса, теңге нығаяды немесе керісінше.  

Есіңізде ме? 2017-19 жылдың бюджетінде мұнайдың бір жылғы орташа бағасы барреліне 35 доллар деп бекітілген. Доллардың бағамы 360 теңгенің төңірегінде болады деп болжанған. 

Осы арқылы Үкімет бюджетке бір бөшкеден 12 600 теңге түседі деп үміттенген. Сайып келгенде нарық та, салық та, шығыс та, кіріс те осыған негізделген. 

Назарбаев Жолдауынан кейін көрсеткіштер өзгеріп. Өзгеріп шыға келді, анығы. Доллардың бір жылдық орта бағасы 330 теңгеге дейін төмендеді. Мұнай бағасы 50 долларға дейін өсті. Тиісінше, бюджетке түсетін түсім де 12 мың теңгеден бөшкесіне 16 мың 500 теңгеге дейін артты. Солай. 

Алайда іс жүзінде немен бетпе-бет келдік? 

  • Қаңтарда доллардың орта бағасы 331,24 теңгегі құрады,
  • ақпанда – 319,86,
  • наурызда – 316,21.

Мұнай бағасы бұл уақытта барреліне 52 доллардың деңгейінде тұрды. Бюджетке түсетін ақша әзір жоспарланған көрсеткішпен тең келе жатыр. Негізінде қазынаға түсетін табыс төмендетіліп есептеледі. Мұндайда әдіске салуға болар еді. Дәл қазіргі жағдайда Үкіметте мұндай мүмкіндік жоқтың қасы. Басы артық ақша жоқ өйткені…

Ал мұнайдың қазіргі құны алдамшы болуы мүмкін.

“Қара алтынның” ертеңгі бағасы қалай құбыларын ешкім білмейді. Мұнай экспорттаушы мемлекеттердің (ОПЕК) мұнай өндіруді азайту туралы келісімі биылғы жылдың шілдесінде күшін жояды. “Бұлардың қайта келісімге келуі күмәнді” дейді сарапшылар. ОПЕК-тегі негізгі екі ойыншы Ресей мен Сауд Арабиясы келісімді ұзартуға асықпай отыр.

Тараптар тіл табыса алмаса, мұнайды асыра өндіру науқаны тағы басталады. “Қара алтынның” құны арзандайды. Тиісінше, Үкіметке бюджетке түседі жоспарлап қойған барреліне 16 500 теңге арманға айналады. Бекітілген бюджетті орындаудың бір жолы – доллардың бағамын көтеру. Басқа амал жоқ…

Біздің ел бұдан басқа да факторларға тәуелді. Айдаладағы ағылшындар Еуроодақтан шығып тынса, Сириядағы ахуал асқына түссе, АҚШ мұнай өндіруді арттыра түссе біттік. Мұнай бағасы бірнеше долларға төмендеп тынады. Оның аржағында девальвация тұрғаны айтпаса да түсінікті. 

№3 себеп: Инвестордың ығына жығылу 

Шетелдік инвестор жылдар бойы Қашағанға қызықты. Күшін жұмсады. Ақшасын шашты. Жоба іске қосылды. Кеткен күш пен жұмсалған қаржыны кері қайтаратын уақыт келді. Олар нәтижесін ертең емес, бүгін күтеді. Қашағанның өзін-өзін өтеу үшін әлі ұзақ күту керек. Мұның амалы бар ма?

Үкімет инвесторларға қарсы шықпайды. Біздің билік олардың мүддесіне қайшы келгісі келмейді. Бір ғана Индустрияландыру бағдарламасын алыңыз:  инвестордың көмегінсіз кәдеге аспайтын жоба екен. Қажетті құрал-жабдығымыз да, білікті маманымыз да, толыққанды тәжірибеміз де жоқ екен. 

Инвесторға шабыт берудің қандай амалы бар? Ішіңіз сезген шығар.

Схемасы белгісі – девальвация, Ұлттық банктің ставкісін көтеру және теңгемен түсетін табысты арттыру. 

Инвестор не істейді? Шетел банкінен төмен пайызбен несие (әрине, долларда) алады да мұны Қазақстандағы жобаға салады. Ақша құйған жобасы қырып пайда әкеледі. Табыс теңгемен түсетіндіктен қос тараптың да көңілі тоқ. Қазақстанға инвестиция келсе, демеушілер – жеңіл пайдаға кенеледі. 

№4 себеп: ЭКСПО

Өткенде Есімов айтқан. Көрмеге келетіндердің көпшілігі өз қазағымыз деп. Иә, солай болады. Алайда араларында шетелдік компаниялар да бар. Үкімет бұларды инвестор ретінде қарастырып отыр. 

Олардың тілін табу үшін тағы да девальвацияның көмегіне жүгіну қажет.

Көрмеге дейін билік бұған бармайды. Ұтылады. Теңге мен долларға байланған бірқатар жобалар қымбаттап шыға келеді.

Девальвацияны биылғы жылдың 3-ші немесе 4-ші кварталында күтіңіз.  

Оған ЭКСПО ғана себеп болмайды. Дәл осы аралықта мұнай бағасы құлдырап, рубль тал қармай бастауы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз