Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Дағыстандағы мықтының ұлы…”. Терезеден құлап кеткен қазақ қызына қатысты жаңа дерек шықты (видео)

Шынымен де, Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлын қайғылы оқиғаға қатысты тергегені белгіл болды. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенсек, дәл осы жігіт студент қызды суицидке итермелеуі мүмкін.

Сол уақытта жігіт пен қыз бір-біріне дауыс көтеріп сөйлеп жатқан екен.

Осыдан кейін қазақстандыұ студент баса бастады немесе терезеден шығып кетті. Бұл іске қатысты ресейлік тергеушілер ешқандай ресми нұсқалар жарияламады.

Бірақ Томирис Байсарының өзіне қол жұмсады дегенге бойжеткеннің жақындары сенбейді.

«Мен Томиристі және оның анасын бұрыннан бері танимын. Бұның суицид емес екеніне толық сенімдімін. Оны өзіне қол жұмсады деу барып тұрған ақылсыздық! Олар бір-біріне ғашық болған. Ол жігіт  ұзақ уақыт бойы оған қамқорлық жасап жүрді. Ал, оқуды жақсы оқитын, бітіру кешіне көйлек алып қойып, магистратураға түсемін деп дайындалып жүрген қыз өзін терезеден тастай салмайды. Томирис мұндай қадамға баратындай, ешқандай күйзеліске ұшыраған жоқ»,-дейді Томирис Байсафының анасының құрбысы Әйгерім Әшімова.

Оқыс оқиға жұма күні Мәскеудегі ең беделді университеттердің бірінде болды.

21 жастағы қазақ қызы үлкен үзілісте төртінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды.

Бойжеткеннің қолы, жамбас сүйегі мен қабырғалары сынып ауруханаға жеткізілді. Онда қазақ қызына төрт ота жасалып, бүйрегін алып тастады. Томиристің өкпесіне зақым келіп, өздінен дем ала алмайды. Қазір дәрігерлер қыздың өкпесін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Ол әлі де жансақтау бөлімінде.

«Томиристің жағдайы әлі ауыр. Кеше оған ота жасалғандықтан, бүгінде қан керек. Өкінішке орай, қанды тек Ресей азаматтары ғана бере алады. Оның қан тобы бірінші топқа жатады, бірақ оған кез-келген қан қажет»-дейді Томирис Байсафының анасының құрбысы Әйгерім Әшімова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз